Өңірлер

ШҚО-ның Тарбағатай ауданында өсімдік шаруашылығы дамытылады

ШҚО-ның Тарбағатай ауданының тұрғындары өздерін көкеніс өнімдерімен толығымен қамтамасыз етті, деп хабарлады аудан басшысы Ділдабек Оразбаев.
Шығыс Қазақстан21 Қазан , 09:23

Әкімнің айтуынша, ауданның негізгі мақсаты – оның тұрғындарын барлық қажеттіліктерімен қамтамасыз ету. Ағымдағы жылы табысты жүргізілген жұмыстың картоп түсімі  20284 тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкесінше кезеңіндегі көрсеткішінен 206,8%-ға артық.

Сонымен қтар бақша өнімдерінің түсімі мол болғаны байқалды - 9075 тонна немесе 169,9%-ға көп, дәнді дақылдар – 2010 тонна немесе 29%-ға артық.

Ақпараттық орталығынан хабарлағандай, егін егу алқаптарын арттыру мақсатында ауданда игерілмей жатқан жерлерді мемлекет иелігіне қайтару бойынша ауқымды шаралар жүзеге асырылуда. Нәтижесінде ағымдағы жылы 4 мың гектар жер қайта қайтарылды. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика