Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Судьялардың жасын 30-ға дейін арттыру істерді шешу барысындағы әділет жүйесін жетілдіреді

Сот төралығына үміткерлердің жасын 30-ға дейін арттыру істерді шешу барысындағы әділет жүйесін жетілдіреді, деп ағынан жарылды Астана қаласы Есіл аудандық сотының төрағасы Дамир Әбдуғалиев «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында.
Астана қаласы 20 Қазан, 18:47

Қазіргі таңда Ұлттық комиссия сот төралығына үміткерлердің жасын 25-тен 30-ға дейін арттыру туралы ұсынысты қолдады. Осы ретте сот отырсының хатшысы, прокурор, қорғаушы мамандықтары бойынша сот өндірісімен байланысты 5 жылдық еңбек өтілі қажеттілігін енгізу қарастырылған.

«Жасты ұлғайту менің пайымымша ол өте дұрыс, себебі күрделі істерді өмірлік тәжірибесі бар, жан-жақты толыққан адам жүргізген дұрыс – деді сказал Д. Әбдуғалиев.

Сонымен қатар, магистранттардың соттардағы іс-тәжірибесін 1 жылға дейін ұзарту ұсынылды. Қазіргі таңда магистранттардың оқу мерзімі екі жыл, оның тек 3 айын олар іс-тәжірибеден өтуге жұмсайды. Өзгеде үміткерлердің соттардағы іс-тәжірибесі 1 жылға дейін ұзартылатын болады.

«Бұл іс-тәжірибе одан өтушілерге соттардағы жұмыс істеу тәжірибесін дұрыс игеруге, түсінуге мүмкіндік беретін болады. Егер ол күнделікті сот отрыстарына қатысып, оның қаншалықты қиын екенін іс жүзінде көріп сезінетін болса, онда жұмыс барысында қандай қиындықтармен бетпе-бет келетінін түсінетін болады», - деп атап өтті Есіл аудандық сотының төрағасы.

Анар Тәңірқұлова 





Яндекс.Метрика