Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Ұлт жоспары: 2018 жылы мемлекеттік қызметтің сот орындаушыларының функциялары жекеменшікке өтеді

Сот орындаушыларының мемлекеттік қызметін кезең кезеңімен қысқарту қарастырылған. 2016 жылы 400-дей адамды, 2017 жылы дәл сонша адамды қысқарту жоспарланған, деп хабарлады ҚР әділет министрі Берік Имашев халықаралық конференция барысында.
Астана қаласы20 Қазан , 19:06

«Әділет министрлігі Ұлт жоспарының 27 қадамы – «Жекеменшік сот орындаушылары институтын одан ары дамыту, сот орындаушыларының мемлекеттік қызметін кезең кезеңімен қысқартуды» жүзеге асыруда.  ҚР Парламенті аталмыш саладағы заңжобаны мақұлдады», - деді Б. Имашев.

Министр толықтырып кеткендей, 2016 жылы  400-дей адамды, 2017 жылы дәл сонша адамды қысқарту жоспарланған.

«2018 жылы мемлекеттік қызметтің сот орындаушыларының функциялары жекеменшікке өтеді. Бұдан басқа, ведомство азаматтардың экономикалық құқығы бойынша сот сараптамасы саласындағы заңнаманы күшейтуге бар күшін салуда. Айта кетерлік жайт, ҚР Әділет министрлігі мен Парламенті ағымдағы жылдың 8 қазанында кәсіпкерлік кодексін қабылдады», - деді ведомство басшысы.

Ботагоз Айтжанова




Яндекс.Метрика