EXPO-2017

ЭКСПО-2017 құрылысы үшін отандық шығарылымның темірбетон құрылымдары мен бұйымдары қолданылуда (ВИДЕО)

«АБК-Максат» ЖШС ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрменің құрылысына бұйымдар шығаруда, деді зауыт директоры Ибрагим Арыстанбаев Strategy2050.kz АА берген экслюзивті сұхбатында.
Астана қаласы 20 Қазан, 19:53

«Біз құрылыс бұйымдарын шығарамыз, олар Астана нарығына жөнелтіледі. Қазір ЭКСПО-2017 көрмесіне тауар шығарып жатырмыз, демек, ЭКСПО-2017 үшін жұмыс істейтін барлық компаниялар біздің өнімді алады. Егер жыл басында және өткен жылдың аяғында темірбетон бұйымдарына сұраныс болды. Қазір  бұл кәсіпорындар  іргетасты қалады, нысанның негізгі бөлігін салуда», - деді И.Арыстанбаева.  

Кәсіпорын директоры 100 пайыздық қуаттылықта зауыт айына 10-12 мың  текше метрге дейін бұйым шығарады, 30 мың текше метр тауарлық бетон шығарады.

Айта кетейік, жалпы  «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі нысандарының құрылысына бүгінгі таңда 101 қазақстандық кәсіпорын тартылып, жасалған келісімшарттардың жалпы сомасы 88 млрд. теңгені құрап отыр.

Қазіргі күні Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының әкімдіктерімен және Астана қаласының әкімдігімен меморандумдарға қол қойылған.

Осы меморандумдар шеңберінде жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша 87 млрд. теңгеге 83 кәсіпорынмен келісімшарттарға қол қойылды. Олардың ішінде 65 компания Астанадан (іргетастың қазықтары, бетон, қиыршық тас, құрылысқа арналған ерітінділер, анкерлік бұрандамалар, ағаштан жасалған қалып, газ блоктары, дизельдік отын, химиялық қоспалар, сэндвич-панельдер, сорғыш жабдық және т.б.), 1 компания Солтүстік Қазақстан облысынан (металл құрылмалары, монтаж), 12 компания Қарағанды облысынан (металл бұйымы, металл құрылмаларын шығару, темірбетонды бұйымдар, іргетастың қазықтары, арнаулы жұмыс киімі, радиаторлар, құбырлар және полипропиленнен жасалған фитингтер), 2 компания Павлодар облысынан (металл бұйымы (арматура) кабельдік өнім), 2 кәсіпорын Оңтүстік Қазақстан облысынан (трансформаторлық жабдықты шығару және жеткізу) және 1 компания Шығыс Қазақстан облысынан (минералмақталық тақтайлар) қатысып отыр.

ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысына қатысып отырған 101 өндірушінің ішіндегі 18 кәсіпорын меморандумдар аясынан тыс келісім-шарттар бойынша жұмысқа тартылған. Олардың ішіндегі 13 жеткізуші Ақмола облысынан қатысуда (битумдық эмульсия, инерттік материалдар, газ блоктары, пенополистирол, металдан жасалған бұйымдар және іргетастың қазықтары) және 5-уі Алматының өндірушілері болып табылады (шыныпакет, қоршауға арналған витраждық құрылмалар, бентолайнермен жасалған су өткізбейтін материал, ауаны сыртқа және ішке тартатын желдеткіштерге арналған жабдық, іргетас қазықтары).

Анар Тәңірқұлова

 





Яндекс.Метрика