Адами капитал

Қазақстанда адам құқығын қорғау мемлекет пен азаматтық қоғамның бақылауында – Әділет министрі

Астанада ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның «Қазақстандағы адам құқықтарының ахуалы туралы» баяндамасының халықаралық таныстырылымы өтті. Бұл құжатты ҚР Әділет министрі Берік Имашев таныстырды.
Астана қаласы20 Қазан , 17:41

Айта өтейік, бұл құжат Мемлекет басшысының, халықаралық және ұлттық сарапшылардың оң бағасын алып, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде басылып шығарылды. 

Атап айтқанда, комиссия баяндамасында 2014 жылғы 1 қаңтардан 2015 жылғы 30 сәуірге дейінгі Қазақстандағы адам құқықтарының ахуалы талданған. Құжатта адам құқықтарын қорғау саласында заңнамаға талдау жасалған. Сонымен қатар онда өкілетті мемлекеттік органдардың қызметін бағалау, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық, еңбек және мәдени құқықтарды жетілдірудегі нақты қадамдар ескерілген. 

«Қазақстанда адам құқығын қорғау мемлекет пен азаматтық қоғамның бақылауында», - деді ҚР Әділет министі Берік Имашев баяндаманы таныстыру барысында.

Белгілі болғандай, 2015 жылдың бірінші тоқсанында Комиссия хатшылығы азаматтардың 200-ден астам хат түріндегі және 120 ауызша өтініштерін қарастырды. Адам құқықтары жөніндегі комиссияның қатысуымен 100-ден астам Қазақстан азаматтарының құқықтары қорғалды.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика