Адамзаттық капитал

Б.Имашев: Шетелдік делегация адам құқығын қорғау саласында ҚР мемлекеттік саясатындағы ілгерілеуді атап өтті

Қазақстанда ҚР мемлекеттік саясатында айтарлықтай ілгерілеу байқалып отыр, оны шетелдік делегациялар да бағалады, деп хабарлады ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары комиссия баяндамасының халықаралық таныстырылымында.
Астана қаласы20 Қазан , 17:03

«Баяндаманың таныстырылымы өте маңызды шаралар барысында өтіп жатыр, олар БҰҰ Бас Ассамблеясының 70 сессиясы, адам құқығын қорғаудың дүниежүзілік күні, ол 10 желтоқсан күні БҰҰ бас Ассамблеясының ұранымен өтеді. ҚР Мемлекеттік саясатындағы айтарлықтай ілгерілеу заңнамалық жетілдіру мен тәжірибені дамыту бойынша шаралардың қабылдануын қамтамасыз етеді. Қазақстанның заңнамалық, соттық, әкімшілік және өзге де салаларында ілгерілеу байқалған», - деді Б.Имашев.

Министр атап өткендей, қазіргі таңда «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша шаралар қабылдануда.

«Ұлт жоспарының орындалуына бағытталған заңнамалық шаралардың кестесіне сәйкес, 70 заңнамалық бастама қарастырылған.  Олардың 59-ы осы жылы, 11 2016-2017 жылдары жүзеге асыруға бағытталған», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика