Парламент

Сенатта қайырымдылық туралы заң жобасы қаралды

ҚР Парламенті Сенатының кеңейтілген отырысында ҚР «Қайырымдылық туралы» заң жобасын және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қайырымдылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы заң жобасы бірінші оқылымда талқыланды.
Астана қаласы20 Қазан , 16:43

«Аталған заң жобасы еліміздегі қайырымдылық жұмыстарын реттеуге ықпал етеді. Сонымен қатар, қайырымдылықпен айналысатын заңды тұлғалар үшін салық жеңілдіктері қарастырылып отыр. Мысалы, біз қаржы министрлігінен бастапқы уақытта шағын және орта бизнес үшін 6%, ірі кәсіпорындар үшін 4% салық жеңілдігін сұраған болатынбыз. Алайда, қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайды ескере отырып, ШОБ үшін және мониторингте тұрмайтын ірі кәсіпорындар үшін 4%-ға тоқтадық. Айта кету керек, бүгінгі күні корпоративтік салық 20%-ды құрайды. Бұл жиынтық жылдық табыстан шегеріліп тасталады. Жалпы, Салық кодексінде бұған дейін тек «демеушілік» деген ұғым ғана бар болатын. Сондықтан біз жаңа заң жобасында қайырымдылық жасаушы, меценат, филантроп деген ұғымдарға заңды негізде құқықтық регламентация белгілеуге тырыстық», – деді А.Кузьмин. 

Оның айтуынша, жаңа заңды қабылдаудың арқасында елімізде меценаттар қайырымдылыққа қанша қаражат жұмсайтынына мониторинг жүргізіп, нақты мәліметтерге қол жеткізуге болады. Айта кету керек, аталған жаңа заң жобасын қабылдау еліміздегі 5 Кодекс пен 18 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика