Халықаралық интеграция

Мәжіліс депутаты Ә.Бимендина парламентаралық одақтың 133-ассамблеясына қатысуда

Мәжіліс депутаты Әсима Бимендина ағымдағы жылдың 17-қазанында Женевада басталған Парламентаралық одақтың 133-ассамблеясына қатысуда, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Әлемде20 Қазан , 16:52

Оған 130 елден, 700-ге жуық парламент өкілдері жиналды. Олардың қатарында 47 парламент басшылары, 219 әйел-парламентшілер бар. Ә. Бимендина бүгін ПАО Ассамблеясы жұмысына әйел азаматшалардың қосқан үлесі талқыланған маңызды жиында болды.

Онда сондай-ақ, демократиялық үдерістердің өзекті сұрақтары мен жеке адамның дербес құқықтылығы мен бостандығына қатысты ауқымды сұрақтар айтылды.

Сонымен қатар, көші-қон мәселесі де тыс қалмады. Мәжіліс депутаты сондай-ақ, дербес құқық пен демократияға қауіп-қатерге қарсы ынтымақтастықты күшейту жайы талқыға түскен халықаралық қауіпсіздік және бейбітшілік ісі жөніндегі Тұрақты комитет отырсына қатысты. 133-ассамблея жұмысы 21-қазанға дейін жалғасады.

 

 




Яндекс.Метрика