EXPO-2017

Катар ЭКСПО-2017-де күн энергетикасы саласындағы жаңа әзірлемелерді көрсетеді

ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, ЭКСПО-2017 комиссары Рәпіл Жошыбаев Катар Республикасына барды, деп хабарлады ҚР СІМ.
Оңтүстік Қазақстан20 Қазан , 18:29

Қазақстан-Катар парламентаралық комиссиясының 4-ші отырысы аясында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев    пен  Катардың экономика мен сауда министрі  Ахмада бен Джасима бен Мухаммеда Аль Тани төрағалығымен өтті.

Отырыс барысында Р.Жошыбаев ЭКсПО-2017-ге дайындық туралы баяндама оқыды.

Ахмад бен Джасим бен Мухаммед аль-Тани атап өткендей, Катар Астанада өтетін көрмеге қатысуға дайын және өзінің күн энергетикасы саласындағы жаңашылдық бастамасымен бөліседі. Бұл орайда катарлық «Qatar Solar Energy» компаниясы қазақстандық компаниялармен ынтымақтастуға кірісіп кетті. Оның ішінде «Астана Солар» компаниясы да бар.

Кездесу барысында Рәпіл Жошыбаев Катардың сыртқы істер министрі Халедом бен Мухаммедом аль-Аттыйеймен кездесті.Катардың СІМ басшысы атап өткендей, Қазақстан мен Катар арасындағы даму екі елдің ынтымақтастығына әсер ете түспек. Тараптар ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу үшін екі елдің азаматтары үшін 30 күндік визасыз режим енгізу қарастырылған.

Р.Жошыбаев катарлық «Аль-Шарк» басылымына сұхбат берді. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика