Басқару

Қазақстанда Ұлт жоспары есебімен адам құқығын қорғауды күшейтуге мүдделі

ҚР Сыртқы істер министрлігінде «ҚР-дағы адам құқығын қорғау жағдайы туралы» ҚР Президенті жанындағы адам құқығы жөніндегі комитеті баяндамасының халықаралық таныстырылымы өтуде, ол Елбасының, халықаралық және ұлттық сарапшылардың оң көзқарасына ие болып, жеке тиражбен үш тілде Астанадағы ЕЫҚҰ бағдарламалар кеңсесінің техникалық қолдауымен жарыққа шықты.
Астана қаласы20 Қазан , 15:49

ҚР Президенті жанындағы адам құқығы туралы комиссияның «ҚР-дағы адам құқығын қорғау жағдайы туралы» баяндамасы 2014 жылдың 1 қаңтарынан  бастап 2015 жылдың 30 сәуірі арасындағы жағдайларды сараптауға бағытталған. Баяндама ҚР Президенті Н.Назарбаевтың қарарымен мақұлданды.

Баяндама ҚР Президенті жанындағы адам құқығы туралы комиссия төрағасы Қуаныш Сұлтанов пен комиссия хатшысы Тастемір Әбішевтің  жалпы редакциясымен шықты. Редакторлар атап өткендей, баяндамада Қазақстандағы адам құқығын қорғау жағдайына баға беріліп, нақты мәселелер алға тартылды.

«Баяндама  ҚР Президенті ұсынған «Ұлт жоспары» есебімен азаматтық, саяси, әлеуметтік, еңбек, экономикалық, тұрғын үй, мәдени сала бойынша нақты ұсыныстардан тұрады», - делінген баяндаманың алғысөзінде.

Таныстырылу барысында баяндама ұлттық заңнама мен құқыққорғау тәжірибе саласындағы талдаудың көріністерінен тұрады.

Таныстырылымда сөз сөйлеген сарапшылар ҚР Адам құқығын қорғау комитетінің баяндамасын жоғары бағалап, Үкімет пен Парламент олардың жүзеге асуы үшін ұсыныс тәжірибесі қарастырылып жатқандығын айтты.

Ботагөз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика