Жасыл даму 2050

Ақтөбе облысында браконьерлерден 100 дана киік мүйізі тәркіленді – АШМ

Ақтөбе облысында браконьерлерден 100 дана киік мүйізі тәркіленді, деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Ақтөбе20 Қазан , 19:36

Ырғыз–Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» РММ, аудандық прокуратура, ішкі істер бөлімінің қызметкерлері мен «Охотзоопром» инспекторларының бірлесе өткізген рейд нәтижесінде «Жалаулыатпа» жерінде екі «Тoyota Land Crusier» көлігін мінген Қызылорда облысының алты тұрғыны ұсталды.

Автокөліктерді тексеру барысында киіктің 100 дана мүйізі мен 2 тегіс ұңғыл мылтық және 232 оқ анықталып, тәркіленді.

Аталмыш факт бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жолданды.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика