Өңірлер

Жыл басынан бері Астанада тұрғын-үй құрылысының инвестиция көлемі 92 млрд. теңгеден артты

Жыл басынан бері тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар көлемі 92 млрд. 765,4 млн. теңгені құрады, бұл 2014 жылдың кезеңімен салыстырғанда 97,7% құрайды. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттар үлесі 18,3%-ды құрады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласы20 Қазан , 19:21

Барлық қаржыландыру көздерінің есебінен жалпы ауданы 1274751 шаршы метр 11 576 пәтер пайдалануға берілді, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңмен салыстырғанда  61,6%-ға жоғары. Жеке салушылармен жалпы ауданы 32 911 шаршы метр тұрғын үйлер салынған, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңмен салыстырғанда 65% құрайды.

Жалпы іске қосылған тұрғын үйлердегі жеке тұрғын үй құрылысының үлесі жыл басынан бері 2,6%-ды құрады. Елордада тұрғын үйлердің жалпы ауданының 1 шаршы метрін салудың орташа нақты құны 116,6 мың теңгені, оның ішінде жеке салушылармен салынғаны 82,2 мың теңгені құрады.

 




Яндекс.Метрика