Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Петропавлда «БЖК-2020» аясында аяқ киім тігу цехі ашылды

Петропавлда «Бизнестің жол картасы-2020» аясында аяқ киім тігу цехі ашылды, деп хабарлады «Даму» қоры.
Солтүстік Қазақстан21 Қазан , 08:39

Қазақстандағы бизнестің өзекті мәселелерінің бірі – бизнесті дамытуға несие алудағы екінші деңгейлі банктердің жоғары мөлшерлемесі. Аталған мәселені «Даму» Қоры бүгінде «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында ЕДБ несие бойынша пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау құралы арқылы шешеді. Осы қолдауды бүгінде солтүстік қазақстанның кәсіпкерлері кеңінен қолдануда.

Солардың бірі – жеке кәсіпкер Виктор Петросян. Оның аяқ киім тігетін «Петросян» ЖК 1972 жылдан бері Петропавл нарығында жалдамалы нысанда жұмыс істеп келген. «БЖК 2020» аясында «Ресей Жинақбанкі» АҚ ЕБ алынған несие қаражатқа компания былғарыдан аяқ киім тігетін өндіріс цехын ұйымдастыруға меншікті ғимарат сатып алды. Мемлекет қолдауы арқасында кәсіпорын банкте несие бойынша сыйақы мөлшерлемесін жылдығы 7% дейін арзандатты.

Кәсіпорында жұмыстың барлық кезеңінде аяқ киімдер қолдан тігіледі. Бұл өнім сапасының жақсы болуына кепілідк береді дейді цех басшысы. Бұрын да кәсіпорын үнемі осы қағиданы ұстанатын, сондықтан петропавлдық өндірушінің аяқ киімдері үнемі сұранысқа ие. Бұған қосымша бағасы да қалта көтерерлік.

«Шығарылатын аяқ киімдердің көлемі әрдайым өзгеріп тұрады. Сұраныс көлемді болғанда біз жылына 300 жуық жұп аяқ киім тігеміз. Енді мемлекет қолдауымен өнім көлемін ғана емес, өндірісті де кеңейтуге болады», деп атап өтті аяқ киім цехының басшысы Виктор Петросян.

Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы іске асырыла бастағалы мемлекеттік субсидия алуға жалпы сомасы 36 млрд. теңге болатын 437 жобаға қол қойылды.Облыс кәсіпкерлеріне төленген субсидияның жалп ысомасы 2010 жылдан 2015 жылға дейін шамамен 2,6 млрд.теңге.Облыс бойынша 4 млрд.теңге несие портфелінің жалпы сомасына «Даму» Қорынан 112 кепілдік берілді, берілген кепілдік сомасы 1,7 млрд.теңгеден асады.

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика