Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Ақмола облысының жолдары қыс мерзіміне дайын

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және «Қазақавтожол» РМК басшылары жұмыс сапарымен Ақмола облысында болып қайтты, деп хабарлады Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
Ақмола21 Қазан , 09:07

Ұйым басшылары жұмыс сапары барысында жол-пайдалану пункттеріне, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан бөлімшелер және Астана-Щучье автомобиль жолына қызмет көрсететін «Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалына барды.

Нысандарда облыстық жол қызмет және мердігерлік ұйымдар өкілдерінің облыс жолдарында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстар туралы есеп-баяндамалары тыңдалды.

Сонымен қатар, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және «Қазақавтожол» РМК басшылары техника және өндіріс базалардың алдағы қыс мезгіліне дайындығын тексерді.

Жұмыс сапары нәтижесінде, Щучье қаласында өткен кеңес отырысында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және «Қазақавтожол» РМК облыстық филиалы өкілдері өндірістік базалардың 100% әзірленгенін атап айтты. Жалпы әзірленген техника 83% құрайды, соның ішінде автогрейдерлер (28 дана), құрамдастырылған жол машиналар (52 дана), тиегіштер (6 дана), шнекороторлар (29 дана) және тракторлар (20 дана).

Жиын соңында, жол әкімшіліктерінің басшылығы қыс мезгіліне дайындық жұмыстарына қанағаттанарлық баға берді. Сонымен қатар, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ермек Қизатов жол техникаларының санына және жұмыс сапасына тұрақты бақылау жүргізуді облыстық жол қызметтеріне жүктеді.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика