Ақылды экономиканы дамыту

«АрселорМиттал Теміртауда» үшінші конвертердің жаңа газ тазалау жүйесі іске қосылды

Облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков «АрселорМиттал Теміртау»АҚ-дағы №3 конвертердің жаңа газ тазалау жүйесінің іске қосылуына қатысты, деп хабарлады Қарағанды облысының әкімдігі.
Қарағанды20 Қазан , 16:37

Бұл жобаның ерекшелігі ол жұмыс істеп жатқан өндіріс аясында іске асырылуда. Оның жүзеге асырылуы АМТ компаниясында ауқымды жүруде.  Ол бірнеше жылға есептелген және бірнеше кезең аясында іске асырылуда: жалпы газды бұру коммуникациялық жүйесінің құрылысы; газ тазалау жүйесін салу және үш конвертердің әр қайсысына қосу.   

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы 7 сәуірде бірінші конвертердің газды тазалау жүйесі іске қосылды, 2014 жылдың 24 қарашасында №2 конвертер іске қосылды. Енді соңғы үшінші конвертер іске қосылды.  

Құны жүздеген миллион доллардан асатын жоба уақытты үнемдеу арқылы болат құймаларын жасау өндірісі және конвертер цехының өнімділігін арттырады. Сонымен қатар бұл қондырғы қаладағы экологиялық ахуалды жақсартады.

Н. Әбдібеков «АМТ»АҚ бас директоры Виджай Махадеванамен бірге конвертерді іске қосып, алғашқы құйманың технологиялық процесін бақылады. 




Яндекс.Метрика