Өңірлер

Қазақстанда 277,8 млрд теңгенің 40 431 нысаны жария етілді

Мүліктерді жария ету жөніндегі ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 557,5 млрд тг құрайтын жылжымайтын мүлікті жария етуі ушін 57 301 өтініш түсті, деп хабарлады Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы20 Қазан , 16:19

Сомасы 416,0 млрд. теңгеге 47 870 тұрғын үй нысаны, сомасы 135,9 млрд. теңгеге 24 526 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 97,8 млрд.теңгеге 5 864 коммерциялық нысаны,сомасы 1,4 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 20 қатысу үлесі, сомасы 4,1 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті.

Сомасы 277,8 млрд. теңгеге 40 431 объект жария етілді.

Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 658,1 млн тенге құрайтын 26 тұрғын үй нысаны  жария ету бойынша өтініш келіп түсті.

Сомасы 650,7 млн. тг құрайтын 21 тұрғын үй объекті;сомасы 3,7 млн. тг құрайтын   2 тұрғын үй емес нысаны, оның ішінде 1,5 млн. тг құрайтын 1 коммерциялық нысаны, сомасы  3,7 млн. тг құрайтын, 3 заңды тұлғалардың  қатысу үлесі, 670 тг сомасында бағалы қағаздар;

Сомасы 658,1 млн. теңгеге 25 нысан  және бағалы қағаздар жария етілді.

ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 15.10.2015 жылғы жағдайы бойынша жалпы сомасы 79,9 млрд.теңге ақшаны жария етуге   169 жинақ шот ашылды, оның ішінде ақшаны жария еткені үшін алымның бюджетке 3,0 млрд.теңгесін төлей отырып, жинақ шоттан алынғаны 30,0 млрд.теңге. ҚР экономикасына инвестицияланғаны 41,7 млрд. теңге.

2015 жылдың 16 қазанындағы жағдай бойынша  1-Н есебінің деректері бойынша «Мүлікті жария ету үшін алым» 206110  коды бойынша бюджетке іс жүзінде 3,0 млрд.теңге түсті.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика