Парламент

«Ақпаратқа қолжетімділік туралы» заң жобасы жұрт алдында сөз сөйлеуде мәдениеттің қалыптасуына әсер етеді – депутат

«Ақпаратқа қолжетімділік туралы» заң жобасы жұрт алдында сөз сөйлеуде мәдениеттің қалыптасуына әсер етеді, деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Мәжілістің қорғаныс және қауіпсіздік, халықаралық істер жөніндегі комитет төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Астана қаласы20 Қазан , 13:56

М.Әшімбаев айтып өткендей, Қазақстанда азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігін 70 пайызға дейін арттыру көзделіп отыр.

«Ұлттық ЖОО ректорлары, министрлер, халық алдында кем дегенде айына бір рет есеп береді. Заң жұрт алдында сөз сөйлеуде  мәдениеттің қалыптасуына әсер етеді», - деді мәжілісмен.

Оның айтуынша, құжат ақпаратқа қол жеткізу тәсілдерін кеңейту мәселелері де көзделіп отыр.

«ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын қоса алғанда, Парламенттің жалпы отырыстарын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалаларының, астананың жергілікті өкілді органдарының ашық отырыстарын онлайн-трансляциялау, сонымен қатар, жыл қорытындылары бойынша өткізілетін мемлекеттік органдардың алқаларын интернет-ресурстар арқылы ақпаратқа қолжеткізу ұсынылады», - деді депутат.

Сондай-ақ,  Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар басшыларының, әкімдер мен ұлттық университет ректорларының есептік кездесулерін өткізу міндеттеледі.

Индира Кауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика