Парламент

М. Әшімбаев: Қазақстандық азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігін 70 пайызға дейін арттыру қарастырылып отыр

Қазақстандық азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігін 70 пайызға дейін арттыру қарастырылып отыр. Бұл туралы бүгін Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаев мәлім етті.
Астана қаласы20 Қазан , 13:28

«Бүгінгі таңда Қазақстанда ақпараттық қызметтің 40 пайызы қолжетімді емес.Сонымен қатар, ақпараттың 40 пайызы ашық, 20 пайызы құпия ақпараттар болып табылады. Бүгін қаралып отырған заң жобасы қабылданса, біз азаматтар үшін ақпараттардың басым бөлігі, шамамен 70 пайызға дейін ашық қолжетімділік болады деп болжаймыз», - деді заң жобасы бойынша баяндаған депутат Мәулен Әшімбаев.

Аталған заң жобасына бірқатар Мәжіліс депутаттарыбастамашылық жасаған болатын. Бұл ретте құжат негізінен әркімнің заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен ақпаратты еркін алу және тарату жөніндегі конституциялық құқығын іске асыруды қарастырады.

Оның айтуынша, құжат ақпаратқа қол жеткізу тәсілдерін кеңейту мәселелері де көзделіп отыр.Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар басшыларының, әкімдер мен ұлттық университет ректорларының есептік кездесулерін өткізу міндеттеледі.

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика