Парламент

Қазақстанда БАҚ туралы заңды қайта қарау қажет – депутат

БАҚ туралы заңды қайта қарау уақыты келіп жетті, деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Мәжілістің қорғаныс және қауіпсіздік, халықаралық істер жөніндегі комитет төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Астана қаласы20 Қазан , 13:02

«Аталмыш бәсекелестік жағдайда  мұқият барлығын қарау қажет. Мен қазіргі таңда БАҚ туралы заңды қарау керек екенін айтамын. Егер де біз ақпаратқа қолжетімділік заңын қайта қарап толықтырулар енгізсек, БАҚ туралы заңды да қайта қарау уақыты келген сияқты», - деді «Ақпаратқа қолжетімділік  туралы кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңының жобаларын қарау  кезінде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Мәжілістің қорғаныс және қауіпсіздік, халықаралық істер жөніндегі комитет төрағасы Мәулен Әшімбаев.

М.Әшімбаев атап өткендей, заңды әзірлеу үшін журналистердің өзін қатыстыру керек екенін айтты.

«Мүмкін осы жылы емес шығар. Бірақ, келер жылы бұл жұмысты жүзеге асырған жөн. Біз «Нұр Отан» партиясының фракциясымен заңды қайта жаңғырту керектігін айттық. Журналистердің өімен ақылдаса отырып, өзгертулер енгізе аламыз», - деді ол.

Айта кетейік, ҚР Парламент Сенатының Қоғаныс және қауіпсіздік, халықаралық істер жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында «Ақпаратқа қолжетімділік», «Ақпаратқа қолжетімділік  туралы кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңы жобалары қаралды.

Индира Кауметова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика