Адамзаттық капитал

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері қызметтік өсу мақсатында базалық даярлық курсынан өтеді (ФОТО)

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 27943 әскери бөлімінің базасында сержанттар құрамының бір буыны болып саналатын бөлімше командирлерінің даярлық курсынан өтуде, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан 20 Қазан, 20:23

2015 жылдың 5- 24 қазаны аралығында Өскемен гарнизонының жиырма бес сержанты базалық даярлық курсына барады. Осы курстарды оқитын әскери қызметшілердің бастапқы білімдері тексеріліп, курстың аяқталуы бойынша олар жоғары біліктілігін емтихан тапсыру арқылы растайды.

Жақсы бағалар алған сержанттарға базалық курсты аяқтағаны туралы сертификаттар табыс етіледі. Базалық курсты аяқтағаны туралы сертификат әскери қызметшілерді даярлау элементінде маңызды болып табылатынын айта кеткен жөн. Бұл курс сержанттарға өз білімдері мен дағдыларын нығайтып, жетілдірумен қатар, қызметтерінің өсуіне және жоғары лауазымдарға көтерілуіне мүмкіндік береді.

Үш апта бойы Өскемен гарнизонының сержанттары тактикалық, оқ ату, дене, саптық, инженерлік, техникалық және топографикалық даярлықтардан өтуде. Әскери қызметшілер іс жүзіндегі сабақтарды полигондарда, ал теориялық сабақтарды сыныптарда өткізуде. Сержанттар құрамына қатысты бөлімше командирлерінің курстық даярлығы жылына бір рет өткізіледі. 


 





Дерекнама

Яндекс.Метрика