EXPO-2017

Халықаралық көрмелер бюросы ЭКСПО-2017-ге дайындық барысын оң бағалады

Париж қаласында Халықаралық көрмелер бюро (ХКБ) Бас Ассамблеясы атқарушы комитетінің кезекті мәжілісі өтіп, онда ЭКСПО көрмелерінің дайындық барысы жөніндегі есебі тыңдалды, деп хабарлады көрменің баспасөз қызметі.
Әлемде20 Қазан , 17:58

Халықаралық мамандандырылған «Астана ЭКСПО-2017 көрмесінің дайындығы жөнінде  «Астана ЭКСПО-2017»ҰК» АҚ төрағасының орынбасары Ербол Шорманов пен Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары «ЭКСПО-2017» Комиссары Рәпіл Жошыбаев баяндады.

«Астана ЭКСПО-2017»ҰК» АҚ төрағасының орынбасары Ербол Шорманов құрылыстық жұмыстардың ағымы жайлы айта кетіп: «Көрме кешенінің айтулы нысаны «Сфера» - 60 пайызға метакаркасы құрылды. Көрменің басқа нысандар бойынша монолиттік каркасты құруы жұмыстары аяқталды, болат құрылымдарды монтаждау жүргізілуде. Пайдаланылуға берілетін алғашқы нысандардың бірі – Ұйымдастырушылар кеңсесі, аяқталуға жақын. Барлығы кестеге сәйкес орындалуда».      

Сондай-ақ, ол көрменің контенті мен коммуникациялық жоспарларын және алдағы кезеңге компания қызметінің жоспарларын ұсынды.

«Ағымдағы жылы «Recommended by EXPO-2017» қонақ үй бизнесі, ресторан, туризм және т.б. қатысты сапа бағдарламасын іске қостық. Бүгінде демеуші ретінде 10 аса ірі компаниялар: консорциум NCOC, Эйр Астана, CISCO, Saint-Gobain және тағы да басқа компаниялар қатарымызға қосылды» - деді өз сөзінде Е.Шорманов.

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары «ЭКСПО-2017» Комиссары Рәпіл Жошыбаев халықаралық қатысушыларды тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы атап өтті. Бүгінде 49 ел және 11 халықаралық ұйым «ЭКСПО-2017» қатысатындығын ресми растады.

Отырыстың қорытындылары бойынша ХКБ басшылығы мен мүшелері «ЭКСПО-2017» дайындық барысын оң бағалап, әрі қарай жұмысты тиімді жалғастыруда кеңестерін берді.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика