Өңірлер

Жыл басынан бері Маңғыстау облысында 12 млн теңгеге 8 тонна қой еті сатылды – әкімдік

Маңғыстау облысында «Үстіртке жол тартқан мал шаруашылығы» пилоттық жобасы жалғасын тапты, деп хабарлады әкімдік.
Маңғыстау 20 Қазан, 15:34

Жобаны қаржыландыруға «Каспий» ҰК» АҚ қолдау көрсетті.

«Маңғыстау облысының әкімінің тапсырмасы бойынша осы жылы «Үстіртке жол тартқан мал шаруашылығы» жобасын енгізу бойынша жұмысты бастадық. «Қарағантүбек» ЖШС «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ еншілес компаниясы болып есептеледі. Сондықтан, корпорация 17 млн теңгені жобаның жүзеге асуы үшін бөлді. Бұл қаржыға Үстіртте материалдық-техникалық база қамсыздандырылды. 20 мың гектарлы жер учаскесін Маңғыстау облысының әкімдігі бөлді», - деді «Қарағантүбек» ЖШС директоры Бүркітбай Қонақбаев.

Оның айтуынша, жоба Үстіртте жергілікті елді-мекендердің жанында үй жануарларын астықпен қамтып, жер қойнауын пайдалану үшін жайлауды сақтауға бағытталған. Мал шаруашылығы кәсіпорындарының жұмысын жақсарту үшін арнайы медициналық көмек пен ветеринарлық қызмет қамтылған.

«Қазір 1777 қарақұл тұқымының басы бар - Маңғыстау ауданының «Ердалы» елді мекенінде 2 отар қой бар. Осы жылдың маусым айынан бастап бүгінгі күнге дейін әрбір бастың салмағы 10-нан 15 келіге дейін жетті. «Нұрқабай» орнында жылқылар, Түпқарағай ауданының «Қызылсырға» жергілігінде түйелер бар»,- деді ол.

Осы айдың соңына дейін барлық жануар қыстаққа  жіберілетін болады. Келер жылы «Қарағантүбек» ЖШС қосымша қаржыландыруды  «Үстіртке жол тартқан мал шаруашылығы» жобасы аясында жүзеге асыру жоспарланып отыр.

 

 





Яндекс.Метрика