Адами капитал

К.Әбдірахманов: Құтқарушы мамандығын таңдағандар өмірінің соңына дейін ісіне адал болады (ВИДЕО)

Құтқарушы мамандығын таңдағандар өмірінің соңына дейін ісіне адал болады, деді «Төтенше жағдайлар органдары бойынша қазақстандық ардагерлер ұйымы» ҚҰ төрағасы Келден Әбдірахманов ҚР Азаматтық қорғаныс қызметінің 20 жылдығына арналған салтанатты шарады.
Астана қаласы 20 Қазан, 14:32

«Біз қызметіміздің 20 жылдығын тойлаудамыз – азаматтық қорғаныс қызметі. Төтенше жағдайлар органдары қызметкерлерінің қайсарлығы мен заманауи техниканың  нәтижесінде көптеген ТЖ алдын алуға мүмкіндік туады. Егер олар болған жағдайда одан кейінгі шараларды аса өршітпей ауыздықталады. Бұл мамандықты таңдаған адамдар өмірінің соңына дейін ісіне адал болып қалады», - деді К.Әбдірахманов.

Ол атап өткендей,өрт сөндіру саласындағы  30 жыл қызмет ішінде қызметкерлер өз өмірлерін қатерге тігіп адамдарды құтқарды.

Айта кетейік, 2015 жылдың 19 қазанында ҚР Азаматтық қорғаныс қызметіне 20 жыл толып отыр. Осы күні құтқарушылар арасында салтнатты мерекелік шаралар өтті. Мәселен, Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театр мекемесінің алдында ҚР ІІМ ТЖК техникасының көрмесі мен концерт өтті.

Ботагөз Айтжанова

 

 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика