Урбанизация және өңірлер дамуы

Қостанай облысында 5 млн тонна бидай жиналды

Қостанай облысында дәнді -дақылдарды жинау маусымы аяқталды, бүгінде 5 млн тонна бидай жиналды, деп хабарлады әкімдік.
Қостанай20 Қазан , 15:03

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша, табиғи климаттық жағдайға қарамастан аймақтың аграрийлері 4 018 мың гектар алаңнан 5 млн тонна бидацй жинап алды. Облыс бойынша орташа түсім гектарынан 12,4 ц құрады.

Ең көп түсім  Федоров ауданында тіркледі онда гектрынан 16,8 ц өнім алынды. Сонымен қатар Меңдіқара, сарыкөл мен Ұзынкөл аудандарының  көрсеткіштері де жақсы болды, онда гектрынан орташа есеппен 15,8 ц өнім алынды.

Егін жинау науқанына Джон-Дир, Кейс, Клаас, Акрос сынды 12 мыңға жуық бидай жинайтын комбайн,  3 мыңнан астам дестелегіш,  8,6 мың жүк автомобильдері және 18,36 мың трактор тіркемесі және өзгеде техника тартылды.

Ағымдағы жылы аграрийлер өткне жылдың тәжірибесін ескере отырып қосымша 259 трактор, 131 комбайн, 160 дестелегіш, 15 бидан кептіргіш және өзгеде ауыл шарушылығы техникасын  4,5 млрд теңгеден астам қаржыға сатпы алды.

Сонымен қатар солтүстік аймақтағыларға көмектесу үшін егін жинау науқаны аяқталған оңтүстік аймақтардан 200 комбайн жіберілді.

Сонымен қатар мемлекеттік органдардың тарапынан қожалықтарды жеңілдігі бор дизельді отынмен қамтамасыз ету мәселесі дер кезінде шешіліп, 77 мың тонна көлемінде дизельді отын берілді.

Көктемгі егін жинау және егу жұмыстарын жүргізу үшін аграрийлерге 6,5 млрд теңге несиеге берілді.

Ал, мол астықты сақтап қалу үшін жалпы сыйымдылығы 7 млн тонна болатын элеваторлар мен бидай сақтау қоймалары дер кезінде дайындалды.

Бүгінде облыстың элеваторларына 1 391 мың тонна жаңа астық келіп түсті, оның ішінде  - 1 208 мың тоннасы бидай. Айта кетерлік жайт, оның ішінде 3 сұрыптағы бидай  703 мың тоннадан асады және 4-5 санаттағы бидай  - 479 мың тоннаны құрады.




Яндекс.Метрика