Ұлттың денсаулығы

Қазақстанда қызылшаға қарсы иммундауға жататын 92%-ден астам жасөспірім вакциналанды

Ағымдағы жылдың 20 қазанындағы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясының аясында мақсатты топтың жалпы санынан (316 мың 704 жасөспірім) 15-19 жас аралығындағы 292 мың 113 адам немесе 92,1% жасөспірім вакцинацияланды, деп хабарлады ҚР ДСӘДМ.
Казахстан20 Қазан , 15:18

Қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясы 11 аймақта өз жұмысын аяқтады. Оның ішінде Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында 100%, Ақмола, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Астана мен Алматы қалаларында 95%-дан астам адам қамтылды.

Иммундау шараларын жүзеге асыру барысында жағымсыз жағдайлар тіркелген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдерді қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясы өткізілуде.




Дерекнама

Яндекс.Метрика