Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

1500-ден астам отандық өндірушілер дайын өнім экспортаушыларына айналды (ВИДЕОЛЕКЦИЯ 1 бөлім)

«KAZNEX INVEST»АҚ 5 жылдық қызметі ішінде 1500-ден астам өндіріші-компания агенттіктің қолдау көрсету құралдарын пайдаланды және жалпы құны 1,5 млрд доллардан асатын келісім шартқа қол қойды, деп хабарлады «KAZNEX INVEST» АҚ атқарушы директоры Асқар Арынов «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында.
Астана қаласы 20 Қазан, 12:46

«KAZNEX INVEST»АҚ қызметі 2010 жылы басталды. ҮИИДМБ аясында ҚР Үкіметімен дайын өнім өндірушілерге сыртқы нарыққа шығуда қолдау көрсету туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, агенттікке шетелдік инвестиция тарту функциясы қосылды. 2010 жылдан бастап біздің агенттік отандық дайын өнімді сыртқы нарыққа шығарумен айналысып келді. 2010 жыл әлемдік дағдарыстан кейінгі алғашқы жыл болды, ол кездегі қазақстандық өнім экспорты 60,3 млрд теңгені құрады, бұл көлемге минералды ресурстар, қайта өңделген және дайын өнім кіреді», - деп хабарлады А. Арынов. 

Сонымен, ҮИИДМБ қорытындысы бойынша 2014 жылы Қазақстанның өңделген экспорты  78,2 млрд теңгені құрады.

Атқарушы директор атап өткендей,  Қазақстан 2014 жылдың қорытындысы бойынша экспортаушы ТОП-50 мемлекеттің қатарына енді.

«Айта кетерлік жайт, «KAZNEX INVEST»АҚ қазақстандық шикізаттық емес экспортты дамыту мен жылжытуға және экономиканың басым секторларына тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға барынша қолайлы жағдай жасау арқылы ұлттық экономиканы әртараптандыруға жәрдемдесіп келеді», - деп түсіндірді сарапшы.

Бұдан басқа, А. Арынов хабарлағандай, ««KAZNEX INVEST»АҚ 5 жылдық қызметі ішінде  1500-ден астам өндіріші-компания агенттіктің қолдау көрсету құралдарын пайдаланды және жалпы құны 1,5 млрд доллардан асатын келісім шартқа қол қойды».

Маманның айтуынша, бұл көрсеткіштерді көптеген сарапшылар, оның ішінде Дүниежүзілік банк өте жоғары бағалады.

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика