Білім беру

Астанада мектепке дейінгі мекемелерге топтау өтеді

Астанада 2-13 қараша аралығында кезекке тіркелген барлық жас топтарының балалары үшін жаңадан ашылған мектепке дейінгі мекемелерге топтау жүргізіледі. Жолдама кезекке сай қолданыстағы балабақшаларға беріледі, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласы20 Қазан , 14:47

Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды топтау № 61 орта мектекте әр сәрсенбі күні өткізіледі.

Астана қаласының тұрғындары (http://egov.kz/ порталынан ЖСН, аты-жөні және баланың туған жылын енгізу арқылы білуге болады) электрондық қызметтен кезектің жылжығанын көре алады.

Егер кезек нөмірі көрсетілмеген жағдайда, жұмыс топтарына хабарласудың қажеті жоқ. Балабақшаның орналасқан мекен-жайы сізді қанағаттандырмаған жағдайда жолдамадан бас тарта аласыз. Бұл ретте сіздің кезегіңіз сақтаулы қалады. 

Жеңілдік санатындағы азаматтардың назарына! Қарастырылған қолдаухаттардың нәтижелерін 9-13 қараша аралығында білуіңізге болады.

 




Яндекс.Метрика