Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ИИДМБ: Астана бетон комбинаты 2015 жылдың жаз мезгіліне дейін 100% қуаттылықта жұмыс істеді (ВИДЕО)

Үдемелі индустриалды инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында «Астана-жаңа қала» АЭА индустриалды паркінің аумағында 2006 жылмен 2010 жыл аралығында темірбетон құрылыстары мен құны 2,936 млрд теңгенің өнімін өндіретін жоба жүзеге асырылды.
Астана қаласы 20 Қазан, 11:59

«Ағымдағы жылдың қараша айында кәсіпорын 5 жасқа толады. Құрылыс нарығы белсенді дамып жатқан жағдайда құрылыс материалдарының жетіспеушілігі сезіледі. Сондықтанда Қазақстан даму банкінің қолдауымен аталмыш жоба жүзеге асырылды.  Несие қаржысын біз қайта құрылымдауға жұмсап, банке қайтардық», - деп хабарлады «АБК-МАҚСАТ» ЖШС директоры Ибрагим Арыстанбаев «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында.  

Зауыт темірбетон құрылыстарын өндіреді, олар плиталар, тіреуіштер, блоктар, текпешек марштары, текпешектер, тартпалар мен тауарлы бетон. Бұлардың барлығы тұрғын үй, әкімшілік кешендері мен әлеуметтік нысадардың құрылысы барысында пайдаланылады. Кәсіпорын 2015 жылдың жаз мезгіліне дейін 100% қуаттылықта жұмыс істеді, қазіргі таңда - 70%.

«Біз 100% қуаттылыққа дейін жұмыс істедік, тіпті тапсырыстардың көп болғаны соншалық қуаттылығымыз жетпей жатты. Бүгінде дағдарыс жағдайында көптеген құрылыс компаниялары жұмыстарын тоқтатты, сондықтанда сұраныста төмендеді, енді біз 65-70% қуаттылықта жұмыс істеудеміз. Қаланың барлық кәсіпорындары мұндай режимде жұмыс істей алмайды.  Бүгінде қыста тауарлы бетон шағара алатын  4-5 кәсіпорын бар.  Біз осы кәсіпорындардың қатарындамыз, яғни қаладағы ірі 5-тің ішіндеміз», - деді зауыт директоры.  

«АБК-Мақсат» итальяндық, испан, неміс және түрік өндірісінің құралдарымен жұмыс істейді. Олар сапалы өнім шығаруға мүмкіндік береді.  

«Бізде қалып құятын цех бар, онда біз барлық тапсырыстарымыздың үлгісін жасақтаймыз. Сонымен қатар арматура және шағын аз көлемдегі өнімдер цехы бар. Біз ELKON түрік компаниясынан тек тауарлы бетон өндіретін екі зауыт сатып алдық, алайда 5 жыл мерзім өткеннен кейін олардың тозығы жетті. Өткен аптада ғана біз оданда жетілген испаниялық құралды сатып алдық, енді біздің тауар түрлеріміз артады», - деп атап өтті И. Арыстанбаев.  

Анар Тәңірқұлова 





Яндекс.Метрика