Адами капитал

В.Петров: Қазақстан бойынша сағат сайын шамамен 4,5 мың құтқарушы әскери кезекшілікте тұрады

Қазақстан бойынша сағат сайын шамамен 4,5 мың құтқарушы әскери кезекшілікте тұрады, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Валерий Петров ҚР Азаматтық қауіпсіздігі қызметінің 20 жылдығына арналған салтанатта.
Астана қаласы 20 Қазан, 10:42

«Төтенше жағдайлар комитеті мен үшін отбасыма, досыма және мақтанышыма айналды. Еліміз бойынша сағат сайын шамамен  4,5 мың құтқарушы әскери кезекшілікте тұрады.  Өкінішке  қарай, табиғат тыныш өмір сүруімізге мүмкіндік бермей отыр, бұл туралы БҰҰ-ның мәліметтері айтып отыр. Құтқарушы болу бұл үлкен еңбек. Ол тәулігіне 24 сағат бойы байланысты және дайын болуды талап етеді, сонымен қатар құтқарушы   жиналу нүктесіне жарты сағат ішінде келіп үлгеруге міндетті. Құрқарушы болу ол абыройлы және құрметті мамандық», - деп ағынан жарылды В. Петров.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың 19 қазанында ҚР-ның азаматтық қауіпсіздік қызметінің  20 жылдығы аталып өтті. Дәл осы күні аймақтарда барлық құтқарушылар үшін мерейтойлық шаралар өткізілді.

Ботагөз Айтжанова





Дерекнама

Яндекс.Метрика