Адам капиталын дамыту

СҚО-да 89 тәрбиеленуші үшін 39,9 млн теңгенің білім беру жинағы ашылды

2015 жылдың басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында білім беру жинақ салымы 89 тәрбиеленуші үшін 39,9 млн теңгені құрады, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Солтүстік Қазақстан20 Қазан , 11:28

Айта кетейік, ҚР Білім және ғылым министрлігі «Бөбек» қорының қайырымдылық көмегі аясында жетім балалар мен әке-шешесінің қарауынсыз қалған балаларға білім беру жинағы қорын ашу туралы жоба әзірленіп, мақұлданды.

«2014 жылы білім беру басқармасы 5-18 жас аралығындағы 464  балаға жинақ қорын ашу бойынша жұмыс жасады. Біртөлемді жинақ салымы 327 млн 796 мың теңгені құрады. 2015 жылдың басынан бері 89 тәрбиеленушіге жинақ салымы ашылды. Қазіргі таңда ҚР БҒМ Балалардың құқығын қорғау комитеті жаңадан келген 38 тәрбиеленуші бойынша жұмыс жүргізуде», - деді облыстық білім беру басқармасының жетекшісі Шолпан Каринова.

Ол атап өткендей, жетім балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттың грантқа ие бола аламаған  түлектері қазіргі таңда Алматы мемлекеттік университетінде және Петропавлдағы медициналық және гуманитарлық колледже білім алуда.

Айта кетерлігі, Қазақстандағы мемлекеттік жинақтау жүйесі 2013 жылдан бастап жұмыс істейді. Мемлекет ҚР азаматтарына өзінің немесе баласының атына ұзақмерзімді  жинақ салымын ашуға мүмкіндік алды.

Қазіргі кезде қарапайым депозиттен банктік салым 7-10 пайыздық және 5-7 пайыз мемлекеттік сыйлықтан болады.

 




Яндекс.Метрика