Өңірлер

СҚО ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі бойынша елімізде 1-ші орында

Солтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өнімі көлемінің өсімі бойынша елімізде 1-ші орында - 200,9 млрд теңге, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Солтүстік Қазақстан20 Қазан , 10:57

Статистика департаментінің мәліметі бойныша, СҚО ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айындағы жұмысының қорытындысына сәйкес ауыл шаруашылығы, инвестиция, құрылыс және тұтынушылар бағасы индексі салаларында көш бастап тұр.

«Ағымдағы жылдың 9 айында барлық макроэкономикалық көрсеткшітердің өсімі қамтамасыз етілді. Құрылыс көлемі 36,2%-ға, негізгі капиталға инвестиция  33,7%-ға, ауыл шаруашылығы өнімі 6,5 %-ға артты. Ал, 2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айында өндіріс көлемі 118,7 млрд теңгені құрады. Тау кен өндірісінде өндіріс көлемі  55,3%-ға өсті», - деп хабарлады облыстық статистика департаментінің басшысы Марал Нұржаупова.

Сонымен қатар, ол атап өткендей, СҚО ауыл шаруашылығы өнімі көлемінің өсімі бойынша елімізде 1-ші орынды иеленді (200,9 млрд теге, ФКИ - 106,5 %, ҚР ФКИ - 103,1 %). Бүгінде 35,8 млрд теңгенің  (ФКИ - 136,2 %) құрылыс жұмыстары жүргізілді.  Ал, негізгі капиталға инвестиция көлемі 2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айында 109,2 млрд теңгеге бағаланды. Өсім деңгейі - 133,7% -  бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкесінше кезеңіндегі көрсеткішті айтарлықтай басып озды (107,3 %).




Дерекнама

Яндекс.Метрика