Өңірлер

Ақмола облысында шамамен 226 мың тонна картоп жиналды

Ақмола облысында картоп пен көкөнiстердi жинау сәттi аяқталды. Жалпы өңiр бойынша жиналған картоптың өнiмi облыстың және Астана қаласының қажеттiлiгiн толық өтейдi деп болжануда, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Ақмола 20 Қазан, 11:43

Картоп биылғы жылы өңiрде 18,7 мың га жерге салынған, оны жинау өнiмдiлiгi 225,3 мың тоннаны құрады. Облыстағы орташа өнiмдiлiк 120,4 ц/га құраған.

Бүгiнде облыстың ауыл шаруашылық қалыптастыруларында 60 мың тонна картопты сақтай алатын 66 қойма бар. Бүгiнде оларға 66 мың тоннадан астам картоп сақталуға қабылданған.

Жаппай жиналған картоптың 25% өзге елдерге жөнелтуге, ал қалған картоп көлемi қысқы қорға сақтауға арналған.

Жалпы облыс бойынша 2015 жылдың егiстiк жұмыстарын сәттi аяқтау бойынша және болашақ егiстiк науқанына дайындық бойынша жұмыстар жүргiзiлiп, шаралар қолданылуда.

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика