Адами капитал

Б.Байбек Алматының әлеуметтік сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Алматыда әлеуметтік сала қызметкерлерінің Күніне арналған салтанатты шара өтті. Қала әкімі Бауыржан Байбек бұл мерекенің қаланың әлеуметтік саласындағы 2,5 мың алматылықты біріктіріп отырғандығын атап өтті, деп хабарлады қала әкімдігі.
Алматы қаласы20 Қазан , 09:38

«Бұл мереке - өздерін қолдау мен көмекке зәру жандарға қол ұшын беруге арнаған жандарға жасалған құрмет. Сіздердің басым көпшіліктеріңіздің өз мамандықтарыңызды өмірлік мән ретінде қабылдағандарыңызға сенімдімін. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанды модернизациялау: қоғамның жалпы еңбегінің 20 қадамында» Қазакқстанның тәуелсіздік жылдарында әлеуметтік мемлекеттің мықты іргетасы қаланғандығын, біздің республикамыздың әлеуметтік даму барысы ортаевропалық елдер деңгейіне жақындағанын атап өткен болатын»,   - деді қала әкімі.

Б.Байбек көмекке зәру жандардың әрқайсысына жеке қолдау көрсету қала билігінің басты міндеті екендігін атап өтті. Бүгінгі күні қалада еңбекпен қамту орталығы, тоғыз медициналық- әлеуметтік мекеме жұмыс істейді. 40 тан астам әлеуметтік көмек түрі көрсетіледі, жыл сайын қала бюджетінен 7,3 млрд теңге бөлінеді. ҰОС ардагерлеріне, көп балалы отбасыларға, тұрмысы төмен жандарға айрықша көңіл бөлініп, тұрғын үйлер де беріледі.

Бұлардан өзге әкім атқарушы билік, ҮЕҰ-дар, азаматтық қоғам, бизнес бірігіп жұмыс істесе әлеуметтік көмекке зәру жандардың өмірі жақсара түсер еді деген қағиданы қадап тұрып айтты. Қазіргі кезде Алматыда мүмкіндігі шектеулі 44 мың адам тұрады оның 23 мыңы жұмыспен қамтылған.

«Біз барлығымыз көмекке зәру жандар үшін кедергісіз орта жасаудың, едені төмен қоғамдық көлікті сатып алудың , ғимаратқа кіру үшін пандустар орнатудың, арнайы лифтерді монтаждаудың, арнайы бекеттерді қайта жасаудың аздық ететінін түсінуге тиіспіз. Ең алдымен, арнайы көмекке зәру жандармен қарым- қатынас жасаудың жаңа мәдениетін қалыптастыру қажет. Сонда ғана мүмкіндігі шектеулі жандар қала өміріне белсенді түрде араласып, өздерін толыққанды сезіне алады»,   - деді әкім.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице- министрі Светлана Жақыпова әлеуметтік қызмет мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі болып қала беретінін айтты..

«Қысқа мерзім ішінде біздің елімізде заманауи әлеуметтік модель қалыптасты, соның арқасында тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік шаралары ойдағыдай жүзеге асуда»,   - деді вице-министр.

Салтанатты шара әлеуметтік саланың үздік қызметкерлерін құрмет грамоталары мен «Еңбек ардагері»және «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі» төсбелгілерімен марапаттауға ұласты.

 

 

 




Яндекс.Метрика