Адамзаттық капитал

Б.Байбек: Біздің міндетіміз – үкіметтік емес ұйымдарға жан-жақты көмектесу

Алматыда әлеуметтік қызметкерлерге құрмет көрсетілді, деп әкімдіктен хабарлады.
Алматы қаласы20 Қазан , 10:26

«Біз қолымыздан келгенше қаланы өзгерткісі келетін, көптеген проблемалармен бетпе-бет келе отырып оны шешуге ұмтылатын үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуіміз керек.  Біздің міндетіміз – оларға жан-жақты көмектесу», -  деп атап өтті Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек.

Кездесу қорытындысы бойынша мүгедектер ұйымына түрлі бағдарламалар арқылы инновациялық идеялары мен әлеуметтік жобаларына қолдау көрсету бойынша бөлек жоспар жасау туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар, шаһар басшысы әлеуметтік салаға бөлініп отырған бюджет жобаларын қоғамдық талқылауға ҮЕҰ-ларды  тарту қажеттілігін атап өтті.

«Әлеуметтік салада бюджет қаржысы болсын немесе жеке бастамалар болсын барынша ашықтыққа бейімделу керек», - деді ол.




Дерекнама

Яндекс.Метрика