Өңірлік және халықаралық ықпалдастық

Путраджайда Қазақстан-Малайзия ынтамақтастығының маңызды мәселелері талқыланды

Путраджай қаласында Малайзиядағы Қазақстан елшісі Данияр Сарекеновтың Малайзия сыртқы істер министрінің орынбасары Ризал Мерикан Найна Мериканмен кездесуі өтті, деп хабарлады ҚР СІМ.
Әлемде20 Қазан , 10:09

Тараптар Қазақстан-Малайзия  қатынасының дәстүрлі ашықтығы мен өзара түсіністігі аясында екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың болашағы туралы пікір алмасты. Д. Сарекенов пен Р. М. Найна Мерикан 2014 жылғы 22-24 мамырдағы Малайзия Премьер-министр Наджиб Разактың Астанаға ресми сапары аясында «жан-жақты серіктестік туралы» келісімінің шараларын жүзеге асыру барысына ерекше назар аударды.  

Көпжақты дипломатия тұрғысында Д. Сарекенов пен Р. М. Найна Мерикан әлемдік аренадағы және халықаралық ұйымдар аясындағы Астана мен  Куала-Лумпурдың өзара байланысын талқылады.  

Жалпы аталмыш кездесу аясында Қазақстан-Малайзия ынтамақтастығының маңызды мәселелері талқыланып, тараптар өзара қолдау көрсетуге уағдаласты. 




Яндекс.Метрика