Өңірлер

Алматы әкімі Алатау ауданының әлеуметтік нысандарын аралады

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Алатау ауданындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, инспекциялық тексеру жүргізді, деп хабарлады қала әкімдігі.
Алматы қаласы20 Қазан , 09:07

Соңғы 40 жыл ішінде алған салынған мәдени нысан болып табылатын « Алатау» киноконцерт залында болған қала әкімі оның техникалық жағдайына баға бере келіп, әлі де жетілдіре түсу керектігін атап өтті. Нысанның инженерлік желілері 1,5 жыл бұрын пайдалануға берілгенімен – электр, су, кәріс желілері күні бүгінге дейін қаланың коммуналды қызметіне өтпеген. Әкім орын алған барлық кемшіліктерді қысқа мерзім ішінде жоюды тапсырды.

«Алатау» киноконцерт залы 790 орынды.Инфрақұрылымда 150 және 100 орынды екі кинозал екі кафе, әртістердің кешені бар. Ғимарат заманауи технология бойынша салынған, дыбыс қондырғылары мен ауа тазартқыш қондырғылары да бүгінгі талапқа сай.

Бұл күні қала әкімі тәулігіне 500 адам қабылдайтын емханада да болды. Медициналық мекеме күні бүгінге дейін ашылғанына үш ай болғанымен, рұқсат құжаттарының жоқтығынан жұмыс істемей тұр. Бауыржан Байбек құжаттарды рәсімдеу мерзімін тезірек аяқтап, орын алған олқылықтарды қараша айының соңына дейін жоюды тапсырды.

Қала әкімі үстіміздегі жылдың 20 қарашасында пайдалануға берілуі тиіс 320 орынды типтік бала бақша құрылысында да болды. Оны аралап көрген әкім эргономия принциптерін ескере отырып, мектеп жасына дейінгі балалар кеңістігін ұйымдастыруды қайта қарауды тапсырды.

Б. Байбек «Саялы» ықшам ауданында салынып жатқан көппәтерлі тұрғын кешенін аралады. Құрылыс белгіленген мерзімге сай жүруде, бірақ абаттандыру, инженерлік желілерді жүргізуде шешімін күткен мәселелер баршылық. Әкім орын алған кемшіліктерді тез арада жоюды, нысанды дәл уақытында пайдалануға беруді қадап тұрып тапсырды.

 




Яндекс.Метрика