Индустрияландырудың келесі кезеңінің жоспары

«Алматы-Қорғас» автожолына жол құрылысы техникасы жұмылдырылды

«Алматы-Қорғас» автомобиль жолында мердігерлік ұйымдар дайындық жұмыстары мен жол-құрылыс техникасын жұмылдыра бастады. Айталық, учаскеде құрылыс алаңдарын, вахталық қалашықтарды және топырақ карьерлерін жайғастыру жұмыстары жүргізілуде. Жолдағы ауқымды жұмыстар көктемге қарай басталады, деп хабарлайды Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан30 Қазан , 18:25

ҚР ККМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Замир Сағыновтың айтуынша, «Жобаны іске асыру кестеге сәйкес жүргізілуде. Барлық жол 8 лотқа бөлінген, төрт мердігер айқындалды. «Алматы-Қорғас» төрт жолақты жолының құрылысы 2015 жылы аяқталған соң ол бірінші техникалық категорияға өткізіледі».

Ұзындығы 304 км «Алматы-Қорғас» автомобиль жолы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәліздің  бір бөлігі екендігі белгілі. Дәліздің Қазақстан аумағы арқылы өтетін жалпы ұзындығы 2787 км, оның қайта салынуға тиістісі 2452 км. 2011 жылы оның 215 км, ал 2012 жылы 700 км пайдалануға берілген болатын. 2013 жылдың аяғына дейін 806 км жол пайдалануға беріледі. Мұның сыртында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай»  жобасы аясында 479 су өткізетін құбыр, 56 көпір және 13 жол өтпесі салынады және қайта жаңғыртылады. Көлік дәлізінің жалпы құрылысын 2015 жылы толық аяқтау жоспарлануда.

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика