Халықаралық рейтингтегі Қазақстан

Қазақстан Legatum Institut рейтінгі бойынша КО пен Орта Азия елдерін басып озды

Қазақстан Legatum Institut рейтінгі бойынша Кедендік Одақ пен Орта Азия елдерін басып озды. Аталмыш есепті халықаралық сараптау ұйымы құрастырған болатын.
Казахстан30 Қазан , 17:40

Қазақстан 2013 жылы 46 орыннан 47-ші орынға түскеніне қарамастан рейтинг бойынша Кедендік Одақ пен Орта Азия елдерін артқа қалдырды. Ең жоғары баға, яғни 22 ұпай  Қазақстан әлеуметтік капитал үшін алды, ал ең төменгі көрсеткіш мемлекеттік қызмет басқармасы бойынша 97 ұпай алып  отыр. Білім беру деңгейі бойынша  41 ұпай болса, медицина 60, экономиканың  даму деңгейі 45 ұпайды құрады.   

Рейтинг бойынша бірінші орынды Норвегия  5 жыл қатарынан алып отыр. Одан кейін Швейцария, Канада, Швеция. Бірінші бестікті Жаңа Зеландия жауып отыр. АҚШ 11-ші орында.

Жалпы рейтинг бойынша 142 ел бағаланды. Сарапшылар экономикалық көрсеткіштен бөлек, білім беру, денсаулық сақтау, қауіпсіздік саласы сынды бағыттарды да қарастырды. 




Яндекс.Метрика