Жаңа қазақстандық патриотизм

Стивен Тулл: БҰҰ Қазақстанның 2050 Стратегиясын жүзеге асыруды қолдайды

«Қазақстан мен БҰҰ: жемісті әріптестіктің 20 жылы» аясында Астана мен Алматыда әріптестіктің 20 жылдығына орайластырылған бірқатар шаралар өтті, деп хабарлайды Қазақстандағы БҰҰ ДБ баспасөз қызметі.
Казахстан30 Қазан , 17:21

«Дөңгелек үстел мен түрлі талқылаулар жұмысында 200-ден астам қатысушы болды. Солардың арасында мемлекеттік құрылыс өкілдері, дипломаттық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, Қазақстан жастары - Назарбаев Университеті, ҚазҰУ, ЕҰУ студенттері де бар», - делінген хабарламада.

Шара барысында негізгі қаралған нәрсе - 20 жыл ішінде атқарылған жұмыстың нәтижесі мен «Казақстан-2050» даму Стратегиясы.

Стивен Туллдың айтуынша, Қазақстандағы БҰҰ-ның тұрақты дәлізі мен «Қазақстан-2050» даму Стратегиясы - әлемнің көшбасшы 30 елінің арасынан көріну жолындағы батыл  әрі сенімді қадам. Осы уақыт аралығында әлем айтарлықтай өзгереді. Сондағы басты мақсат - 2050 жылдың Қазақстан үшін тарихта алтын дәуірдің болуы.

БҰҰ-мен әріптестіктің жемісінің бірі кең ауқымда Семей бағдарламасын қолға алу. Ондағы бағыты жергілікті даму еді. Қазіргі уақытта осы бастаманы үлгі ете отырып, Қазақстан БҰҰ-ның 7 агенттігімен бірігіп Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында да бағдарламаларды іске қосуда.

Стивен Туллдың пікірінше, халықаралық аренада Қазақстанның жолы айқын және өзге елдерге үлгі боларлықтай қалыптасқан. Қазақстан көпжақты әріптестік пен прагматизмге басымдылық танытқан мемлекет. Соның бір жарқын мысалы - ядролық қарудан бас тарта білуі. Сонымен қатар аймақтық мәселелерді шешуде де көшбасшылық қасиеттер бар. Оған мысал су ресурстарын басқару, табиғи апаттардың алдын алуға бағытталған «Жасыл өткел» әріптестік бағдарламасы.

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика