Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері

2012 жылы жалгерлік тұрғын үй құрылысын салу жоспары артығымен орындалды - Н.Тихонюк

Қазақстанда 2012 жылы жоспардағы 180 мың шаршы метрдің орнына 220 мың шаршы метр жалгерлік тұрғын үй салынды, деп хабарлады бүгін ҚР Құрылыс және ТКШ агенттігі төрағасының орынбасары Николай Тихонюк «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Орталық филиалының ашылуына арналған баспасөз конференциясында.
Казахстан09 Қаңтар , 00:00

«2012 жылы жалгерлік тұрғын үй салу жоспары артығымен орындалды, жоспардағы 180 мың шаршы метрдің орнына 220 мың шаршы метр жалгерлік тұрғын үй  салынды, бұл 4 мыңнан астам әлеуметтік жағынан қорғалмаған қазақстандыққа жалгерлік үйдің иесі болуға мүмкіндік береді», - деді Н.Тихонюк.

Жалпы, жоспарланған 6 млн шаршы метрдің орнына 2012 жылы 6,5 млн ш. метр жұрғын үй салынған.

2013 жылға арналған міндеттердің арасында ҚТКША төрағасының орынбасары тұрғын үй құрылыс жинағы және соңынан сатылып алынатын жалгерлік тұрғын үй  жүйесін дамытуды және  7 млн ш. метр тұрғын үй құрылысын салуды атады.




Яндекс.Метрика