Жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосу

Астанада «Әлемді қамтамасыз етудің жаңа геосаясаты» тақырыбында семинар өтеді

5-6 қарашада Астанада Фридрих Эберт атындағы Қор Стокгольм SIPRI Әлем мәселелерін зерттеу институтымен біріге отырып «Әлемді қамтамасыз етудің жаңа геосаясаты: Өсіп келе жатқан державалармен диалог. Орта Азия аймақтық диалогы» тақырыбында халықаралық семинар өткізеді, деп хабарлайды «Құқықтық медиа орталық» қоғамдық қоры.
Астана қаласы30 Қазан , 16:15

«Екі күндік халықаралық семинар оқымыстылар, саясаткерлер және Орта Азия, Ресей, Германия, Уркаина, Швеция практиктерінің әлемдік мәселелерді талқылаудың алаңына айналуы тиіс. Осы мақсатта әлемді қамтамасыз ету операциясына әсер ететін факторлар ізделмек. Сонымен қатар халықаралық ынтымақтасты қалыптастыру мүмкіндігі сараптамасы жасалады», - делінген хабарламада.

Фридрих Эберт атындағы Қор халықаралық коммерциялық емес және үкіметтік емес ұйым болып табылады. Оның негізінде социал-демократиялық құндылықтар жатыр. Қор қызметінің басты мақсаты азаматтық, демократиялық, құқықтық құрылымдарды нығайту, әлеуметтік-экономикалық тұрақты даму мен аймақтық ынтымақтастықты кеңейту болып табылады. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика