Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

2014 жылы ҚР-да мамандандырылған тәлімбақтың құрылысы аяқталады

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шаян селосында мамандандырылған тәлімбақтың құрылысы жүргізілуде, деп Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оңтүстік Қазақстан30 Қазан , 16:03

«Қазақстан – өрістейтін дуадақтардың ең үлкен бөлігінің мекендейтін жері. Көп жылғы ынтымақтастық нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шаян селосында мамандандырылған тәлімбақтың құрылысы жүргізілуде. Бұл жердегі уақытша қондырғылар 2008 жылы құрылып, 2010 жылы даудақтың алғашқы балапандарын шығарған болатын. 8 ғимаратты құрайтын тәлімбақ құрылысының бірінші кезеңі 2012 жылы аяқталды. Жобаның екінші кезеңі келесі жылы аяқталмақ. Қазақстанда азиялық дуадақты өсіру жоспары жылына 5000 құсты құратын болады», - деп хабарламада нақтыланған.

Дуадақтың табиғаттағы популяцияларының санын көбейту және мәдени мұраны сақтау мақсатында Әбу-Даби әмірлігінің үкіметі осыдан отыз жылдан астам уақыт бұрын дуадақтарды қорғау жөніндегі бағдарламаны іске асыра бастады. Бағдарламаға дуадақтарды өсіру және оның табиғи ареалын құрайтын елдерде ерікке жіберу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру үшін арнайы құрылған Халықаралық дуадақтарды қорғау қоры басшылық етеді.

ХДҚҚ Марокко мен БАӘ-дегі 3 тәлімбақты басқарып, 40000 астам дуадақ өсірді.  2012-13 жылдары табиғат аясына 18000 жуық құс жіберілді. Дуадақтарды қолдан өсіру бағдарламасының басынан жалпы 160000  астам құс өсіріліп, 75000 дуадақ ерікке жіберілді.

 

 

 




Яндекс.Метрика