Инфрақұрылымды дамыту

Алматыда екінші муниципалды парк 200 автобуспен толықты

Бүгін Алматы да қаланың екінші муниципалды паркінің газбен жүретін автобустарының алғашқы легінің тұсаукесер рәсімі өтті. Барлық сатып алынғаны - 200 автобус. Аталған шараға қала әкімі Ахметжан Есімов қатысты, деп қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы қаласы30 Қазан , 15:46

«Қала басшысы қазіргі кезде Алматыда бірнеше жекеменшік автобус парктерінің жұмыс істейтіндігін айтты. Қоғамдық көліктің жұмысын жүйелендіру, олардың арасында бәсекелестікті қалыптастыру үшін 2010 жылы қалада муниципиалды парк құрылды», - деп хабарламада нақтыланған.

«Біз жолаушы тасымалында сапаға ерекше көңіл бөлудеміз. Сондықтан да алғашқы муниципиалды паркті құрдық. Қалалықтар оның жұмысына оң бағасын беруде. Муниципалды парк өзінің пайдалы екендігін көрсетті, сондықтан біз оны кеңейтіп жатырмыз.Біздің қазіргі басты міндетіміз автокөлік қаржысының қоғамдық көліктегі үлесін 33 пайызға дейін жеткізу», - деді Ахметжан Есімов.

2014 жылдың бірінші тоқсанында тағы да 200 жаңа автобус сатып алу жоспарлануда. Қала басшысы муниципалды қоғамдық көлік барлық тасымалдың 50% пайызын қамтиды деді. Қала көшелеріндегі 1600 автобус тың 800-і газбен жұмыс істейтін болады. Олар қала экологиясына оң септігін тигізеді.

Естеріңізге сала кетейік, әкімдік 195 жаңа троллейбус, 17 трамвай сатып алған болатын. Метро құрылысы жалғасуда, жеңіл рельсті көлік жобасы қолға алынуда. Көліктің қала тұрғын дары мен экологияға ықпалын ескере келіп, болашақта автотранспортта қызмет көрсету жүйесі жетілдірілетін болады.

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика