Президент тапсырмаларының орындалуы

СҚО қаржы басқармасының басшылығы өңірдегі бюджеттің орындалмау себебін айтты

Игерілмеген мемлекет қаражатының көп бөлігі салынуы тиіс болған денсаулық сақтау нысандарының құрылысына тиесілі. Бұл жайлы Солтүстік Қазақстан облысы қаржы басқармасының бастығы Ескен Әкімжанов мәлімдеді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Солтүстік Қазақстан30 Қазан , 15:37

Хабарламада айтылғандай, мемлекеттік игерілмеген қаражаттың негізгі бөлігі денсаулық сақтау нысандарының құрылысына тиесілі. Өңірдің аудан орталықтарындағы емханалар құрылысы жоспардан баяу орындалуда.

«Мезгілінен тыс конкурс өткізу жағдайлары да кездеседі. Бұдан бөлек, денсаулық сақтау бойынша нақты себептермен игерілмеген 612 млн теңге және бар. Жалпы, бюджеттің игерілмеуіндегі негізгі себеп орындалған жұмыс акттарының уақытылы таныстырылмауы. Жұмыс уақыты бұзылып, конкурстың да мерзімі ұзап кетеді», - дейді Е.Әкімжанов.

Басқармасының айтуынша, бюджет қаражатының орындалмау себебінің бірі мемлекеттік сатып алу жүйесінің тиімсіздігі.

Жалпы осы өңірдегі бюджет 2013 жылы 116 млрд теңгені құрайды.

Хабарламада айтылғандай, бюджет игерілуінің тиімді әдісі ретінде биылғы жылы қаржы басқармасы тарапынан «қазынашылық-тұтынушы» ақпараттық жүйесі енгізілген. Жүйе шығынға жұмсалатын қаражатты есептеу уақытын жылдамдатады. Ал қаржы басқармасы жыл сайын бюджеттік бағдарламалардың орындалуы мен жергілікті бюджетке түсу барысын қадағалайды.

Естеріңізге сала кетейік, Үкіметтің өткен кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы мемлекеттік бюджеттің жоспарлану мен орындалу сапасын көтеру жайында тапсырма берген. Сонымен қатар Елбасы бюджет қаражатының толық және сапалы игерілуінің маңызына тоқталған.

 

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика