Барлық этностар азаматтарының тең құқықтылығы

ҚР-да қазақ ұлттық өнерін меңгерген этникалық топтардың фестивалі өтті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті 2013 жылдың 30 қазанында сағат 19:00-де Астана қаласындағы Тілеп-Қобыз сарайында «Өнеріміз саған – Қазақстан!» атты қазақ ұлттық өнерін жетік меңгерген этностық топтар өкілдерінің фестивалін өткізеді, деп ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Казахстан30 Қазан , 15:31

«Іс-шараның мақсаты - қазақ халқының өнері мен мәдениетін Қазақстанда тұратын этностық топтар арасында жан-жақты насихаттау,  олардың арасынан қазақ халқының дәстүрлі өнерін жетік меңгерген  талант иелерін анықтау, Қазақстан халқының бірлігін, достығын және  патриотизмін нығайту», - деп хабарламада нақтыланған.

Алғашқы рет өткізіліп отырған бұл фестивальге қатысуға  Қазақстанның түкпір-түкпірінен өтінім білдірген талапкерлердің  арасынан (16 мен 45 жас аралығындағы) ең үздіктері іріктелініп алынды.  Гала-концертте таңдаулы деген өнерпаздар ән, би, күй өнері  бойынша өз өнерлерін көрсетеді.  




Дерекнама

Яндекс.Метрика