Экономикалық және сауда дипломатиясын дамыту

Варшавада 2014 жылға жоспарланған Қазақстан мен Польша өңірлерінің I Форумын өткізу мәселесі талқыланды

Варшавада Қазақстан мен Польшаның экономикалық әріптестігі бойынша Үкіметаралық комиссияның V отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Әлемде30 Қазан , 15:09

«28-29 қазанда Варшавада Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев пен Польша Республикасының Вице-премьеры әрі Экономика министрі Януш Пехочинскийдің (Janusz Piechocinski) тең төрағалықтарымен Экономикалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Польша Үкіметаралық комиссияның отырысы өтті», - деп жазылған хабарламада.

Комиссияға қатысушылар тараптардың өткен жылда орын алған қызметінің нәтижелерін қарастырып, 2012 жылдың қорытындысымен екіжақты сауда айналымының 2,1 млрд. АҚШ долл. құрап, 23% өскенін атап өтті.

«Үкіметаралық комиссия жұмысына орталық мемлекеттік органдары өкілдерімен қатар Батыс Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстары әкімдерінің орынбасарлары қатысқан болатын. Олар поляк серіктестерімен 2014 жылдың Қазақстан мен Польша арасында тұңғыш Өңірлер форумын қоса алғанда өңіраралық ынтымақтастық мәселерін талқылады», - дейді ведомства мәлімдемесі.

Отырыс қорытындысы бойынша өзара тауар айналымы мен инвестиция алмасу үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған Хаттамаға қол қойылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика