Ауыл шаруашылығын жаңғырту

Астанада 220 халықаралық компания ауыл шаруашылық өнімдерін алға тартты

Бүгін Астанада Қазақстандағы ең ауқымды халықаралық көрменің ашылу рәсімі болып өтті. «KazAgro 2013» азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдері мен «KazFarm 2013» мал шаруашылығының өндірістік көрмесі, деп Қазақстан баспасөз клубы хабарлады.
Астана қаласы 30 Қазан, 13:31

««KazAgro/ KazFarm 2013» көрмесінің мақсаты – шетелдік және отандық  өндірушілерге Еуразия орталығының аясында  көпірдің салынуы және отандық аграрлы өнімділікті арттыру. Аталмыш шаралар  ауыл шаруашылық  өндірушілерімен қоса  АПК  қолданушыларының  қарым-қатынасын күшейте түсу. Және де үкіметтік «Агробизнес-2020» бағдарламасының  дамуына  әсер ету болып табылады.», - деп  хабарламада нақтыланған.

Көрмеде ауыл шаруашылық саласындағы заманауи жаңашылдықтар мен  қондырғылар көрсетілді.

Көрменің аумағы 14 000 мың шаршы метрді құрайды, онда 20 елдің 220-дан артық компаниясы  өз өнімдерін паш етті. Атап айтсақ: Австралия, Австрия, Беларусь, Венгрия, Дания, Германия, Индия, Испания, Франция, Италия, Канада, Нидерланды, Польша, Ресей, АҚШ, Түркия, Украина, Швейцария, Оңтүстік Корея мен Қазақстан.

Айта кетерлігі, көрме 1 қарашаға дейін өтеді. 





Яндекс.Метрика