Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар

БҚО облысының аудандарында жедел жәрдем станциясының диспетчерлік қызметті автоматтандырудың бірегей «АДИС» БК қызметі енгізілуде

БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қаласының, Теректі аудны Федоровка ауылы және Тасқала ауданы Тасқала ауылында жедел жәрдем станциясында шұғыл диспетчерлік қызметті автоматтандырудың бірегей «АДИС» БК қызметі іске қосылды, деп облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Батыс Қазақстан30 Қазан , 14:49

«Жедел медициналық жәрдем қызметінің сапасын бағалаудағы  негізгі  көрсеткіш науқастың көмек күту уақыты болып табылады ( шақырту түскеннен бастап бригада келгенге дейін қала ішінде 15 минут және ауылдық  аудандарда 25 минуттан аспауы керек). Ағымдағы  жедел жағдайды шұғыл  компьютерлік талдау шақыртудың жағдайына, орнына, бригаданың орналасуына, профиліне және шұғыл жағдайдың  өзіне қарай бригаданы  жолдау   бойынша шешім дұрыс қабылдауға көмектеседі», - деп хабарламада нақтыланған.

 ЖМК диспетчерлік қызметінің жұмысын алгоритмдеу және «АДИС» бағдарламалық кешені шақыртуды қабылдауды тез әрі дұрыс  жасауға және сол бойынша шешім қабылдауға мүмкіндік береді.  Нақты жедел жағдайлардың   ретроспективті  эксперттік компьютерлік талдауы жұмыстың ескі алгоритмдерін түзеп, жаңаларын  шығаруға , сонымен қатар  қызметкерлерді оқытуды жүзеге асыруға  көмектеседі.

Заманауи байланыс тәсілдері, «АДИС», медицина қызметкерлерінің оқытылу деңгейінің арттырылуы, бригадалардың жабдықталуының нығаюы бізді  басқарудың  ең жоғарғы  орталықтандырылуы және бригадалардың ең жоғарғы  жекеленуі , шақырту  бойынша   жақын  жердегі  бос бригаданың  ерекше  оңтайлысын таңдау сияқты  ЖМК станциясының жедел жұмысын  ұйымдастырудағы  негізгі қағидаларды орындауға  жақындатады.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика