Парламент

Нұрлан Нығматулин: нұротандық – мәжілісмендердің заңнамалық бастамасы нақты нәтижені көздейді

Бүгін Мәжілісте Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен жалпы отырыс өтіп, онда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша депутаттық түзетулер бірінші оқылымда мақұлданды.
Астана қаласы30 Қазан , 13:29

Жаңа енгізілімге байланысты Қылмыстық, Бюджет кодекстеріне және Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне, сонымен қатар, «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы», «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заңдарға түзетулер енгізіледі.

Аталған заң жобасының маңыздылығына тоқталған Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин, құжаттың депутаттардың өздерінің, «Нұр Отан» партиясы фракциясы мүшелерінің бастамасымен дайындалып, Палата қарауына енгізіліп  отырғандығын баса атап өтті.

Одан әрі  Нұрлан  Нығматулин осы сынды басқа да заң жобаларына халық қалаулыларының ұйтқы болуы – мәжілісмендер қызметінің басым бағыттарының бірі екендігін тілге тиек етті.

«Айта кету керек, 5-шақырылым депутаттарының заңнамалық бастамалары да, олардың нәтижелері де айтарлықтай жоғары.  Қазірдің өзінде мәжілісмендердің, атап айтатын болсақ, нұротандық - депутаттардың бастамасымен, 12 заң жобасы әзірленіп, Палата қарауына енгізілді.  Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 15-ке жеткізу межеленіп отыр. Ол құжаттар түрлі саланы қамтиды. Мысалы, қазір әлеуметтік стандарттарға, ауылшаруашылығын дамытуға, халықаралық келісімдерге қатысты заң жобалары дайындық үстінде.   Ең негізгісі, олардың барлығы мемлекетіміздің дамуына және халқымыздың игілігіне қызмет ететін болады»,-деді Мәжіліс Төрағасы.

 

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика