Өңірлік қауіпсіздікті нығайту

Алматы облысында шақырылушыларды әскер қатарына шығарып салды

Алматы облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті Талдықорған қаласында «Әскер қатарына шақырылушы күні» әскери-патриоттық акциясын өткізді, деп ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы30 Қазан , 12:51

«Акция шеңберінде әскер қатарына шақырылып отырған жастарды әскери қызметке шығарып салу рәсімі болды. Салтанатты іс-шарада жас жігіттер алдында Қарулы Күштердің ардагерлері, жергілікті атқару органдары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері өнегелі сөздер сөйледі. Сондай-ақ салтанатты шығарып салу рәсіміне Талдықорған қаласының 28 мектебі мен 14 колледжінің оқушылары қатысты», - деп хабарламада нақтыланған.

Бұл жолы Алматы облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті 26 әскер қатарына шақырылушыны іріктеп алды. Олар ҚР Республикалық ұланында қызмет ететін болады.

«Жетісулық жігіттер өз жерлестері мен туған-туыстарын жерге қаратпай, лайықты Отан қорғаушылары болатынына сенімдімін», - деді Алматы облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Мұрат Дарманқұлов.

Іс-шара шеңберінде әскерге шақырылушы жастарға арналған мерекелік концерт қойылды. Оған әскери бөлімдердің көркемөнерпаздар ұжымдары, Талдықорған гарнизонының әскери оркестрі мен К.Байсейітова атындағы Талдықорған музыкалық коледжінің студенттері қатысты.

 

 




Яндекс.Метрика